• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2024

Маңғыстау облысында екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

154 рет
көрсетілді

2022 жылы туған бала Каспий теңізінде суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде болған.

Оқиға шомылуға жабдықталмаған аймақта болды. Себебі – судағы мінез-құлық ережелерінің талаптары мен нормаларын бұзу. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтап жатыр.