• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 06 Маусым, 2024

ҰБТ: Тасқыннан зардап шеккен түлектерге көмек

95 рет
көрсетілді

Ақмолада тіркелу мерзімі ұзартылды. Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш 6–14 мамыр аралығында қабылданғанымен, көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерде уақыты ұзартылды. 

Көктемгі су тасқыны кезінде облыстың Атбасар, Астрахан, Есіл, Целиноград, Бұланды, Арша­лы аудандарындағы бір­қатар білім ошағы зар­дап шек­кен болатын. Іле оқу үдерісі онлайн жүр­гізілді. Биыл ұлт­тық бірыңғай тестілеуде осы жағдай ескеріліп, түлектердің дайын­далуына уа­қыт берілді. Ата-аналардың пікірінше, бұл – ­тү­лек­­терге жасалған тәп-тәуір қам­қо­р­лық.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу мерзімінің ұзар­тылуы жақсы болды», дейді Атбасар ауда­ны­ның тұрғыны Нұрлан Алпыс­баев. – Бұл шешімді ең алдымен түлек­тер­ге­ жасалып отырған жана­шыр­­лық­ деп қабылдауымыз ке­­рек. Ата-аналар әрқашан бала­ла­­­­ры­­ның ­болашағын ойлайды емес пе?»

Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш бер­гендердің білімін қапы­сыз сарапқа салуға бар­лық жағ­дай жасалған. Түлектерді тасымалдайтын көлік, жатын жерлері талапқа сай.

«Су тасқынынан зардап шек­­кен Атбасар ауданының түлек­терінен ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 1566 өтініш түсті», дейді Көкшетау қаласының ұлттық тестілеу орталығы фи­лиа­­­лының жетекшісі Қуаныш Мұха­мед­­жанов. – Ал Көкшетау қала­сы­нан 6139 өті­ніш қабылданды. Ақмола облысында аталған өңірлерде тіркелу мерзімі ұзартылды. Ұлттық бірыңғай тестілеу 3 маусым – 12 шілде ара­лы­ғында өткізіледі.

Филиал жетекшісінің айтуы­на қарағанда, жауапты науқан ұтым­­­­ды ұйымдастырылып отыр. Ел­ор­­да іргесіндегі су тасқы­ны­­нан зардап шеккен білім ошақ­­­тарының түлектері ұлт­тық бір­ың­­ғай тестілеуді Астана қала­сын­­­да тапсырмақ. Тағы бір айта ке­те­тіні – Ғылым және жо­­­ғары білім министрлігінің ше­ші­мімен 2024 жылы талапкерлер негізгі ұлттық бірыңғай тес­тіні екі рет тапсырып, ең үздік нәти­жесімен грант конкурсына қатыса алады.

 

Ақмола облысы