Хабарламада: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сейтбатталұлы Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», делінген.
1986 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық маманы болып бастаған. 2015-2016 жылдары – аталған орталықтың бөлім басшысы.
2016-2020 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы, басқарушы директоры. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – аталған ведомствоның Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті қызметін атқарды.