Сот үкімімен қорқытып алу, бұзақылық жасау және жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін Бурабай ауданының 11 тұрғыны кінәлі деп танылды.
Бурабай ауданында сотталушылар ұзақ уақыт бойы күш қолданумен қорқытып, 12 адамнан 130-500 мың теңгеге дейін (жалпы сомасы 1 140 000 теңге) ақша бопсалаған. Сонымен қатар екі сотталушы – жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруіне жеткізген.
Жасалған әрекеттеріне байланысты, сот жеті сотталушыны 4 жылдан 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырып, үшеуінің 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеді. Кәмелетке толмаған біреуі жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Жаза тағайындауда сот сотталушылардың жас баласы болуын, кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінгенін, бұрын соттылығының болмағанын ескерді. Сотталушыларда ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 3 млн теңгеге моральдық зиян және жалпы сомасы 1 140 000 теңгеге келтірілген материалдық залал өндірілді. Сонымен қатар сот басты сот талқылауы барысында тәртіпті бұзғаны үшін полиция департаментінің атына және аудан әкімінің атына жастарды жұмыспен қамту бөлігінде жұмысты күшейтуге назар аудара отырып, жекеше қаулылар шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы