• RUB:
    5.17
  • USD:
    479.05
  • EUR:
    534.57
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 07 Маусым, 2024

Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға» қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр

108 рет
көрсетілді

Қазақ кәсіби боксшысы, WBO және IBF белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы АҚШ уақытымен 13 шілде күні Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жек өткізеді, деп жазады Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Qazaq Style» аталған қарсыласқа ғана емес, Сауль «Канело» Альвареске де дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Ол бұл туралы  X (твиттер) парақшасында жазды.

«Мен 13 шілдеге ғана дайындалып жатқан жоқпын. Канелоға да дайындалып жатырмын», делінген Жәнібек Әлімханұлы жариялаған постта.

Еске салайық, Сауль «Канело» Альварес супер орта салмақтағы әлем чемпионы.