• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Маусым, 2024

«436 жол апаты»: 22 мың мопедші жауапқа тартылған

92 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары қала көшелерінде көбейген самокат, мопед пен скутерлерді пайдаланушылардың ережелерді сақтауы полицияның ерекше назарына алынған, деп жазады Egemen.kz.

Polisia.kz-тің сандық деректеріне зер салсақ, жыл басынан бері жолдағы түрлі құқық бұзушылықтар үшін 22 мыңнан астам мопед жүргізушісі (көбі Алматы қаласында) жауапқа тартылған. Мопедтердің қатысуымен 436 жол апаты болды. 2024 жылы электрлі самокат тізгіндегендер 10 мыңға жуық құқық бұзушылыққа жол берген. Олардың қатысуымен 45 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 5-еуі самокат жүргізушілерінің қателігінен болған.