• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2024

2 300-ден астам түлек сынақ тапсырды

266 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының 376 мектебін биыл 6 411 түлек тәмамдады. Соның 5 627-сі ҰБТ тапсыруға ниет білдірген еді.

«Биыл мектеп бітіруші тү­лектердің 233-і «Алтын белгі­ге», ал 328 оқушы «Үздік аттес­тат» алуға үміткер», дейді облыс­тық білім басқармасының бас­шы­сы Айгүл Мыңбаева.

Өңірде болған алапат су тас­қынына байланысты оқу­шы­лардың Ұлттық бірыңғай тес­тілеуден өту күндері бір аптаға шегерілген еді.

«ҰБТ тапсыруға ниет біл­дірген мектеп бітірушілер Ұлттық тестілеу орталығының сайтына электронды түрде онлайн тіркеледі және тестілеуден өту орнын, күнін, уақытын өздері таңдайды. Біздің облыста Ұлттық бірыңғай тесті­леу «UStudy» орталығының 2 пунктінде – Орал және Ақсай қалаларында 27 мамыр – 12 шіл­де аралығында өтіп жатыр», дейді Орал қаласының ұлт­тық тестілеу орталығы фи­лиа­лының жетекшісі Әлібек Сұпығалиұлы.

Облыстық білім басқарма­сы ұсынған ақпаратқа қараған­да, қазіргі таңда 2300-ден астам түлек тестілеуден өткен. 14 оқушы 130 балл және одан жоғары балл жинаған. Облыста  әзірше ең жоғары балл – 136. Осы балды жинаған «Abyroi school» жеке мектебін бітіруші Құра­лай Есенғожина. Шәкіртінің же­тістігіне ұстаздары Есболат Нәсиев, Айгүл Құрманғалие­ва, Нұрболат Ерғалиев, Әсел Әбсәламова да ерекше қуанып жатыр. География-математи­ка бағытын таңдаған Құралай бұған дейін география пәні­­нен өткен қалалық олимпиада­да 1-орынға, облыстық олимпиа­дада 2-орынға ие болған екен. Яғни өңірдегі ең жоғары ұпай­ды қанжығасына байлауы кез­дей­соқ емес.

Сөз реті келгенде айта ке­тейік, дәл осы «Abyroi school» мек­тебінің түлектері Әли Ахмет – 135, Амандық Баян – 132, Айым Паңгерей мен Аида Қажымұратова – 131, Дижан Маширов 130 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсеткен. «Бұл – біздің шәкірттеріміз бен ұс­таздарымыздың тыным­сыз ең­бегі мен күш-жіге­рі­нің нәти­жесі», дейді мектеп дирек­торы­ның оқу ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Болатқызы.

Еліміздің Ғылым және жо­ғары білім министрлігі су тас­­қынынан зардап шеккен аймақ­тардың 11-сынып оқушы­лары ҰБТ кезінде төмен балл алып қалған жағдайда, ақылы ҰБТ кезінде алған жоғары ұпайы білім грантын тағайындау ке­зінде есепке алынатыны жө­нінде хабарлаған болатын. Бұл жеңілдік Батыс Қазақстан облысына да қатысты. Жыл сайын жүздеген жас үшін облыс әкімінің гран­ты бөлінеді. Оның басым көпші­лігі – өңірге өте қажетті жалпы медицина, педагогикалық мамандықтар. Қазіргі таңда облыстың еңбек нарығында тапшы болып тұрған мамандық­­тар жөнінде ақпарат жинақта­лып, өңделіп жатыр. Содан кейін жергілікті гранттар туралы ақпарат облыс әкім­дігі­нің және білім басқармасы­ның ресми сайтында жарияланады.

Айта кетейік, батыс­қазақ­стандық мектеп түлектеріне орта білім туралы аттестат табыстау рәсімі «Жолың бол­сын, жас түлек!» деген атаумен ­14 маусым күні өтеді.

 

Батыс Қазақстан облысы