Садақ атудан Қазақстан командасы Сувонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия кубогінде екі қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Екі медальға да аралас командалар арасындағы жарыста қол жеткізілді. Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова блокты садақ атудан үшінші орын иеленді», делінген Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Дәулеткелді Жаңбырбай мен Алина Ілиясова классикалық садақ атудан үшінші нәтиже көрсетті.