Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тасқын зардаптарын жою процесін жіті бақылауда ұстап отыр. Министрлік мәліметінше, Ақмола облысында 1281 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерттеу нәтижелері бойынша мынадай шаралар жоспарланған:
- 333 тұрғын үй құрылысы;
- 219 тұрғын үй сатып алу;
- 729 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Тасқыннан зардап шеккендерге 333 үй салу жоспарланған болса, 273-інің құрылысы басталған. 219 үйдің 123-і сатып алынған. Сондай-ақ, 729 үйдің барлығында жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Атбасарда 165 зардап шеккен азаматтарға үш көпқабатты тұрғын үйдің ауқымды құрылысы басталды. Сондай-ақ 76 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 30-ы сатып алынды. Жөндеу жұмыстары болжамды тұрғыда жаздың соңында аяқталса, жаңа үйлердің құрылысы қазан айында аяқталмақ.