• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Маусым, 2024

Алматы облысында бір үйдің екі қызын көлік қағып кетті

91 рет
көрсетілді

Алматы облысында дүкенге балмұздақ алуға шыққан бір үйдің екі қызын көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

КТК арнасының хабарлауынша, 14 жастағы қыз бен оның 4 жасар сіңлісі жаяу жүргіншілерге тиесілі емес тұстан жолдың арғы бетіне өтпекші болған. Алайда қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік балаларды қағып кеткен. Оқиға кешқұрым уақытта болған.

Куәгерлер дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсеткенімен, қыздар оқиға орнында жан тапсырды.

Алматы облысы ДП ресми өкілі Меруерт Морякова апат салдарынан кәмелетке толмағандардың екеуі де оқиға орнында мерт болғанын жеткізді. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.