• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Бокс 11 Маусым, 2024

«Дайын тұрған кәсіби боксшы». Махмұд Сабырханның жұдырықтасуы көпшілікті тәнті етті

281 рет
көрсетілді

Кazakhboxing инстаграм арнасы әлем чемпионы Махмұд Сабырханның жаттығу барысындағы жұдырықтасу сәтін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

57 келіде Париж Олимпиадасының жолдамасын қанжығалап үлгерген боксшы маңызды додаға қызу дайындалып жатыр. 

Оның дайындық кезеңі көрсетілген видео көпшілікті тәнті етті. Ал видео авторының өзі Махмұд Сабырханды «дайын тұрған кәсіби боксшы» деп сипаттады.

Желі қолданушылары Махмұд Сабырханның шеберлігіне тәнті болып, Париж-2024 олимпиадасының алтын медалін алатын боксшы екеніне сенім білдіретінін жазған.