Жылыой ауданында «Сергек», «Аркан», «Интегра» құрылғылары 10-шы маусымнан бастап толықтай іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Еске салайық, облыстағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай бойынша жедел штаб шешімімен Құлсарыда тасқын кезінде 4 сәуірден бастап «Сергек» бейнекамералары автоматты түрде өшірілген еді.
Қазіргі уақытта Жылыой ауданы аумағында жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнекамералар саны – 800.