Биыл Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық іс-шарасы ерекше ыждағатпен өтіп жатыр. «Amanat» партиясының өңірдегі мүшелері «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында бір кісідей жұмылып, сенбілікке шықты.
Бұл акция елді мекендер аумағын қоқыстан тазартуға бағытталған. Алдын ала өңірдегі елді мекендердің маңында ластанған аумақтардың картасы жасалған еді. Міне, осы жерлер енді партия мүшелерінің, қарапайым белсенділердің, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ерекше назарына алынды. Әр учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілді. Осылайша, қоқыс қаптаған аумақтар жүйелі түрде тазартылып, бақылауға алынатын болды. Сондай-ақ бұл жерлерге қоқыс жәшігін орнату, аумақты көгалдандыру, жол мен тротуарды жөндеу сияқты мәселелер қолға алынды. Инфрақұрылымды абаттандыру, аумақты дамыту күн тәртібіне қойылатын болды.
Қазір өңірде әр аптаның бейсенбісі тазалық күні ретінде бекітілді. Бұл акция халықтың экологиялық мәдениетін көтеріп, жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Осындай үлгілі жұмыстың бір парасы жақында Шыңғырлау ауданында өтті. «Amanat» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Тағаниязов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, партия ардагері Сабыр Сәмиев, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, партия қызметкерлері, аудандық «Жастар рухы» қозғалысының белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысқан сенбілік кезінде Шыңғырлау аудандық саябағы қоқыстан тазарып, жаңарып қалды. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, саябақтан 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылған.
Батыс Қазақстан облысы