Алматыда зейнеткерлерді жұмысқа орналастыруға бағытталған «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Бағдарлама тек зейнет жасына шыққан азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған.
Зейнеткерлерге берілетін жалақының 50%-ын жұмыс беруші төлейді, қалғаны жергілікті бюджеттен субсидияланады. Алайда оларға ұсынылатын қаржы ең төменгі жалақыдан аспайды (2024 жылы – 85 мың теңге).
Зерттеу зейнет жасындағы адамдарды денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіп саласында жұмысқа орналастыру қажет екенін анықтады.