Атырауда ер адам азаматтық некедегі бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған. Қазір ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Оқиға 9 маусымда болған. Күдіктінің қылмыстық әрекеті бейне камераға түсіп қалған.
«Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің бірінің дәлізінде ер адам 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған. Қазір 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», деп хабарлады Атырау қаласындағы № 1 полиция бөлімінің бастығы Руслан Байтенов.
Оның ақпаратына қарағанда, күдікті мен жәбірленуші бұрын азаматтық некеде болып, бірге тұрған.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды. Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр.