Осы айдың 22-30 күндері Иорданияда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгілер арасында Азия біріншілігі өтеді. Оған грек-рим күресінен қатысатын Қазақстан командасы жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Грек-рим күресінен балуандарымыз 10 түрлі салмақ бойынша белдеседі:
Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі) Зарап Сұңқар (48 келі) Едіге Төлеутаев (51 келі) Алпамыс Болатұлы (55 келі) Шәміл Досбол (60 келі) Данияр Қанағатбек (65 келі) Әбілмансұр Ахалбек (71 келі) Еркебұлан Анапия (80 келі) Әділет Тойшыбек (92 келі) Айдос Қайратов (110 келі)Команданың аға бапкері Алмат Кебіспаев.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасына еліміздің атынан грек-рим күресінен төрт балуан, атап айтқанда Айдос Сұлтанғали (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) Әлімхан Сыздықов (130 келі) енгізілген.