Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жергілікті диқандарды 950 млн текше метрге жуық суармалы сумен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Су және ирригация министрлігінің мәліметінше, су егіс алқаптарына К-24, К-25 каналдары арқылы жеткізіліп жатыр.
Суармалы судың уақтылы әрі тұрақты жеткізілуінен шаруалар өнім жинап жатыр. Мәселен, Жетісай ауданы диқандары алғашқылардың бірі болып қарбыздарын экспортқа шығара бастады.