Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы бір даңғыл жартылай жабылатынын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бөгенбай батыр және Сарыарқа даңғылдары қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, осы айдың 19-21 күндері аталған қиылыс ішінара жабылады. Қозғалыс бір жағымен қамтамасыз етіледі.
Хабарламада: «Тұрғындар мен қонақтардан кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген.