• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Маусым, 2024

Алимент төлемеген 75 азамат ақшасын құмар ойынға салған

120 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы сомасы 84 млн теңге қарызы бар 75 алимент төлемеген азамат кейінгі 3 жылда букмекерлік кеңселерге 100 млн теңгеден астам ақша салған, деп жазады Egemen.kz.

Бұл ақпаратты ШҚО прокуратурасы жария етті.

Мәселен, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер А., онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгесін бәске тігіп, ұтылған.

Борышкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң,  өз бетінше E-Gov мобильді қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысуын шектеді.

«Сонымен қатар борышкерлердің құмар ойындарға қатысу жолын кесу мақсатында одан әрі жұмыс жүргізу үшін Туризм және спорт министрлігінің  туризм индустриясы комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды. Құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады», делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді.