• RUB:
    5.45
  • USD:
    465.52
  • EUR:
    498.2
Басты сайтқа өту
Парламент 22 Маусым, 2024

Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов: Үдеткіштер – тыңдау және іске асыру мүмкіндігі

72 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласында Ақмола облысының активі мен Орнықты даму мақсаттары үдеткіштері командаларының кездесуі өтті. Шараға Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов бастаған жоғарғы Палата депутаттары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл кездесу Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қоғамдық жобалық кеңсесінің және Maqsut Narikbayev University-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов өз сөзінде Сенаттың Қоғамдық жобалық кеңсесінің қызметі аясында MNU жанындағы ОДМ үдеткіші құрылғанын атап өте келіп, ол кем дегенде екі негізгі міндетті шешетін экожүйе екеніне тоқталды.

«Біріншісі – белгілі бір мақсатпен біріккен адамдардың тобын күмбездің астына тарту, онда олар өздерінің талдау, интеллектуалды және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете алады. Екіншісі – олардың ең жақсы идеяларын мемлекеттік шешімдердің дайын жобасына айналдыру. Негізінде, үдеткіш – бұл төменгі жақтың бастамаларын жоғарғы жақта естілуі мен тыңдалуы, оларды жүзеге асыруға көмектесу мүмкіндігі. Қазір оның күмбезінің астында 10 ОДМ командасы жұмыс істейді, оған ғалымдар, еріктілер, халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың өкілдері тартылды», - деп атап өтті Жақып Асанов.

Көкшетауда 120 еріктіден құралған 10 команда өз жобалары мен аралық нәтижелерін таныстыру және орнықты даму мақсаттарына жету үшін қандай нақты шаралар ұсынатынын айту үшін жиналды. Командалар әкімдіктің салалық құрылымдарымен және аумақтық мемлекеттік органдармен бірге идеялар мен ұсыныстарды талқылады, сондай-ақ бұдан былайғы бірлескен жұмыс жоспарын белгіледі.

Кездесу барлық қатысушыларға жобалармен танысуға, пікір алмасуға және өңірлік бағдарламалар мен бастамаларды жақсарту үшін ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берді.

Шараға Ақмола облысы әкімдігінің басшылығы, БҰҰДБ сарапшылары, мәслихаттар хатшылары, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес, ҮЕҰ, сондай-ақ өңірлік даму институттарының өкілдері қатысты.