Танымал эстрада әншісі Төреғали Төреәлі Қазақстан полициясы күніне арнайы ән жаздырып, бейнебаян түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына бейнежазба жариялап, полицейлерді мерекелік жиынға құттықтап барғанын көрсеткен. Жиынға Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те қатысып отыр.
- Мені танып тұрсыздар ма? Мен де сіздерді жақсы көріп, біліп тұрмын. Құрметті Ержан аға, сізбен осындай керемет жерде көрісіп тұрғаныма қуаныштымын. Маған тиісе бермесін, мына кісілерге айтып қойсаңыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" – деп әзілдейді әнші.
Желідегі жазбадан сахнада жаңа әннің де тұсауы кесілгенін аңғаруға болады.
- Құттықтауға Төрештей ұл келгені,
Бір екі ауыз қалжыңдап үлгергені.
Өзінің мейрамында қызық болды-ау
Полиция арудың гүл бергені! – деп жазды Төреғали.