21 маусымда Ертіс өзеніне суға батып кеткен 32 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ер адам Ертіс жағасына демалуға барған. Оны іздеуге еріктілер мен құтқарушылар жұмылдырылды. Екі күнге жалғасқан іздеу жұмыстары бүгін аяқталды. 24 маусым таңғы сағат 06:00-ге жуық павлодарлықтар Ертістен мәйітті тауып, жағаға шығарды.
Сондай-ақ 22 маусым күні таңертең Павлодар облысының Шідерті ауылының жанында ер адам суға батып кетті. Оның мәйіті сол күні табылды.