• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2024

Таразда болған жарылыстың себебі анықталды

127 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай 22 маусым күні сағат 21:41-де «Қарасу» ықшам ауданындағы 26-үй аумағында болған. Үй кіреберістерінің бірінде асфальт жабыны жарылып, салдарынан электр энергиясы өшіп қалған еді. Тараз қаласының әкімдігі жарылыс себебі анықталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қалалық газ шаруашылығы қызметі газталдау құрылғысын қолданып, оқиға орнынан газ құбыры өтпейтінін және газ жарылмағаны туралы қорытындыға келген.

Өзге коммуналдық қызметтер де өз желілерін зерттеді. Нәтижесінде 22 маусым күні сағат 21:44 кезінде Тараз қаласы «Самал» мөлтек ауданында орналасқан 110/6 кВ-тық «Рысбек» подстанциясындағы 414 ұяшықтан №10-шы тарату пунктіне баратын жоғары кернеулі жерасты кабелі істен шыққаны анықталды.

Хабарламада: «Авариялық өшу кезінде ұяшық автоматты түрде сөніп, жерасты кабелі электр қуатынан ажыратылған. 110/6 кВ-тық электр кабелі оқиға болған жерден өтеді. Сағат 22:47-де жарықсыз қалған 10 мөлтек ауданда резервті желілер арқылы электр қуаты қалпына келтірілді», делінген.

Жөндеу жұмыстары жалғастырылып жатыр.