• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Маусым, 2024

Қазақстан – Беларусь: Мәдени байланыс нығая түседі

80 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтен­ше және өкілетті ел­ші­сі Павел Утюпинмен кез­дес­ті. Жиын барысын­да та­рап­тар мәдени өз­ара бай­ла­ныстың не­гіз­гі мә­селе­лерін және елдер ара­­сындағы ынты­мақ­тастықты талқылады.

Аида Балаева екі ел арасын­дағы мәдени байланыстың ма­ңызын атап өтті. «Біз Беларусь Респуб­ликасымен мәдени-гума­нитарлық, жастар және басқа да салалардағы ынтымақтастыққа үлкен мән береміз. Екі ел арасында шығармашылық алмасулар жүріп, солистер спектакльдерге, түрлі жобалар мен концерттерге тұрақты түрде қатысып тұрады. Біздің бірлескен жобаларымыз достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететініне сенім­дімін», деді министр.

Павел Утюпин жемісті ынты­мақ­тастық үшін алғыс білдіріп, мәдени алмасудың маңызын атап өтті. «Беларусь тарапы іс-шараға Қазақстан әртістері қатысатын болса, қуанышпен қабылдауға әзір. Шілде айында Витебскідегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстан­ның дарынды әртістерін күтеміз. Мұндай бастамалар біздің халық­тарды жақындастыруға және екі­жақ­­ты қарым-қатынасты ныға­йту­ға көмектеседі», деп атап өтті елші.

Қатысушылар аталған жобалар­ды ғана емес, ынтымақтас­тық­ты арттыру келешегін де  талқы­ла­ды. Екінші дүниежүзілік соғыс­тағы Жеңістің 80 жылдығына орай фильм түсіруді қарастыру ұсы­ныл­ды, бұл екі елге ортақ тарих пен мә­дени мұраның маңызын көрсетеді.

Сондай-ақ тараптар екіжақ­ты күн тәртібіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Ынтымақ­тастықты нығайтуды атап өтіп, өзара байланыстың әлеуетін арттыру үшін жұмыс тобын құруға да­йын екенін білдірді.