• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Байқау 26 Маусым, 2024

«Тұмар» - 2024 ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды

218 рет
көрсетілді

«Тұмар» - 2024 ұлттық телевизиялық сыйлығының он екі номинациясы бойынша номинанттары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл ұлттық телевизиялық бәйгеге 12 номинация бойынша 300-ден аса өтінім келіп түсті. Шорт-листке 48 жұмыс енді. Алғаш рет «Төтенше жағдай кезінде жасалған үздік репортаж» номинациясы бойынша журналистер өз бағын сынады.Жеңімпаздар есімі 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесінде Астана қаласында белгілі болады. Жеңімпаздар отандық телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанады.«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – сапалы қазақстандық телевияны дамыту және ілгерілету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.

«Тұмар-2024» ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж: «Алапат тасқын» - «Qazaqstan» телеарнасы «Оңтүстіктен Ақтөбеге көмек» - «Айғақ» телеарнасы Программа «Аналитика». «Общенациональный телемарафон» сюжеті - Бірінші канал Еуразия ТАСҚЫН-2024: «өр суынан зардап шеккен Құлсарының бүгіні» - телеканал Caspian NewsҮздік журналистік зерттеу:«ОТАНДАСТАР» тарихи-танымдық тележобасы - «Qazaqstan» телеарнасы«Шөлдің кемесі, төрт түліктің төресі» - «QYZYLORDA» телеарнасыЭкономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай?/Арнайы репортаж - «Atameken Business»телеарнасы«Один спуск в шахту - 200 тыс тенге» - «Хабар»телеарнасыҮздік ақпараттық бағдарлама: «Astana Times» жаңалықтар қызметі - «Астана тв» телеарнасы «Ақпарат» көшпелі студиясы - «Qazaqstan» телеарнасы «BASTY JANALYQTAR» - «Atameken Business» телеарнасы Жаңалықтар телеканал - «ТДК-42» телеарнасыҮздік аналитикалық бағдарлама: «Қоғам назарында» - «Астана тв» телеарнасы «САНА» - «ABAI TV» телеарнасы «Уәде» - «Жібек жолы» телеарнасы «Жеті күн» - «Хабар» телеарнасыҮздік әлеуметтік жоба: «Құдайы қонақ» - «Qyzylorda» телеарнасы «Асар» - «Turkistan» телеарнасы «Ана болғым келеді» - «Жібек жолы» телеарнасы «50/50» - 31 каналҮздік деректі фильм: «Жауынгер» - «Қазспорт» телеарнасы «Арамызда Жүрсін» - «El arna» телеарнасы «Шетелдегі қазақ балалары» - «Жібек жолы» телеарнасы «Бір үйдің 55 баласы» - «Qazaqstan» телеарнасыҮздік сериал:«Жат бауыр» - «Qazaqstan» телеарнасы «Қара жәшік» - «Хабар» телеарнасы ХАҚ (Халыққа адал қызметкер) – «7 арна» телеарнасы «Мошенники» - «НТК» телеарнасыҮздік өңірлік ток-шоу: «Көп нүкте» - «AQTOBE» телеарнасы «Ділмар» - «Жетісу» телеарнасы «Сөздің қысқасы...» - «Mangystay» телеарнасы «Давайте обсудим» - «ТДК-42» телеарнасыҮздік өңірлік телеарна: «Qyzylorda» телеарнасы «Caspian News» телеарнасы «Жетісу» телеарнасы «ТДК-42» телеарнасыБалаларға арналған үздік бағдарлама: «Телебалапан» - «Ulytau» телеарнасы «АуылDone» - «7 арна» телеарнасы «Жұрттың балалары» - «Qazaqstan» телеарнасы «IBars» - «Balapan» телеарнасыҮздік тележурналист: Григорий Беденко - «Хабар» телеарнасы Еркін Карин - «Астана тв» телеарнасы Нұрбек Бекбау - «Qazaqstan» телеарнасы Ақбөпе Тәңірберген – Бірінші канал ЕуразияҮздік тележүргізуші: Мадина Балғабаева - «КТК» телеарнасы Каиржан Смагулов - «24 KZ» телеарнасы Айкерім Есенәлі - «Qazaqstan» телеарнасы Мадина Алмолдина - «Atameken Business»телеарнасы

Соңғы жаңалықтар