Әйелдер күресінен (Иорданияда) Азия чемпионатында (U17) Қазақстан командасы жалпы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес федерациясы мәліметінше жеке есепте 6 балуан қола жүлде жеңіп алды: 49 келі - Сәния Солтанғали; 53 келі - Мадхия Усманова; 57 келі - Анна Стратан; 65 келі - Ұлдана Тілеухан; 69 келі - Зейнеп Еламас; 73 келі - Ақбота Қадір.