• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Маусым, 2024

Алматыда терезенің алдында билеп жүрген бойжеткен биіктен құлап кетті

76 рет
көрсетілді

Алматыда бойжеткен тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желіде жас қыздың терезе алдында билеп жүрген видеосы жарияланды. Болжам бойынша бойжеткен 6-қабаттан құлап кеткен.

Алматы полиция департаменті бұл фактіге қатысты «Өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр»,  деп хабарлады департаменттегілер.