• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Маусым, 2024

Елімізде 14 мыңға жуық шетелдік жұмыс істейді

94 рет
көрсетілді

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 937 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап. 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 403 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 817 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 684, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 387 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 275 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 938 адам, Өзбекстан – 1 919 адам, Үндістан – 1 145 адам, Түркия – 1 101 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі. Биыл жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.