АЛМАТЫ.11 маусым. Шаңырағын жаңадан ғана көтерген Наурызбай ауданы алдағы 4 жылдың ішінде адам танымастай өзгереді. Қала сәулетшілері – аймақ қазіргі провинциалық кейпінен мүлдем тазаратын болады дейді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Құрылыстың алдан ала жасалынған бас жобасы бойынша Наурызбай ауданында 1300 шаршы метрлік тұрғын үй салынып, 15 ықшам аудан тұрғызылады. Алғашқы кезеңде бұл кешендерде 70 мың адам қоныстанады. Барлығы 4 мектеп пен 9 бала бақша салынады. «Қалақұрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алтай Сатыбалдиев: «Мұның сыртында аудандық әкімдік ғимараты, орталық алаң, шығармашылық үйлері мен мемлекеттік басқару органдырының ғимараттары салынады», – деді.
Назар аударатын бір жайт, Наурызбай ауданында өндістік нысандарға орын жоқ. Керісінше, халық демалатын саябақтар мен стадиондар және үлкен бір ипподром бой көтереді. Алматы қалысының тұйықталған Абай мен Ұлықбек және Жұбанов көшелері таяу арада ауданға қарай жол-көлік қатынасын ашатын болады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.