• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №312

267 рет
көрсетілді

2014 жылғы 11 желтоқсан,  Астана қаласы Әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекiту туралы «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Оралмандар туралы жалпы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Оралмандар туралы жалпы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық; 5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттер бөлінісіндегі келген оралмандардың саны туралы мәліметтер» нысан; 6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттер бөлінісіндегі келген оралмандардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын; 4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Т.ДҮЙСЕНОВА. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Ә. Смайылов ___________________ 2014 жылғы «___» _____________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №312 бұйрықтың 1-қосымшасы Нысан «Оралмандар туралы мәліметтер» Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан Индексі: О-1 Кезеңділігі: тоқсандық Ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Тапсыру мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №312 бұйрықтың 2-қосымшасы «Оралмандар туралы мәліметтер» әкімшілік деректеді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Оралмандар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды. 2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті көші-қон процестеріне мониторингті жүзеге асыру болып табылады. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырылған Нысанды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне ұсынады. 4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады. 5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды 2. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме 6. Нысанның 1-бағанында оралмандар отбасының жалпы саны көрсетіледі; 7. Нысанның 2-бағанында оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 4-бағанынан) ерлердің жалпы саны көрсетіледі; Нысанның 3-бағанында оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) әйелдердің жалпы саны көрсетіледі; Нысанның 4-бағанында оралмандардың жалпы саны көрсетіледі; 8. Нысанның 5 – 13-бағандарында еңбек етуге қаблетті жас бөлінісіндегі оралмандар көрсетіледі, бұл ретте: Нысанның 5-бағанында ер оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 2-бағанынан) 18 толмаған ерлердің саны көрсетіледі; Нысанның 6-бағанында әйел оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) 18 толмаған әйелдердің саны көрсетіледі; Нысанның 7-бағанының мәні Нысанның 5 және 6-бағандары мәнінің қосындысына тең; Нысанның 8-бағанында ер оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 2-бағанынан) еңбек етуге қабілетті жастағы ерлердің саны көрсетіледі; Нысанның 9-бағанында әйел оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) еңбек етуге қабілетті жастағы әйелдердің саны көрсетіледі; Нысанның 10-бағанының мәні Нысанның 8 және 9-бағандары мәнінің қосындысына тең; Нысанның 11-бағанында ер оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 2-бағанынан) зейнеткерлік жастағы ерлердің саны көрсетіледі; Нысанның 12-бағанында әйел оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 3-бағанынан) зейнеткерлік жастағы әйелдердің саны көрсетіледі; Нысанның 13-бағанының мәні Нысанның 11 және 12-бағандары мәнінің қосындысына тең; 9. Нысанның 14-19-бағандарында дипломына сәйкес білім деңгейі көрсетіледі, бұл ретте: Нысанның 14-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) жоғары білімі бар оралмандардың саны көрсетіледі; Нысанның 15-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) арнайы орта білімі бар оралмандардың саны көрсетіледі; Нысанның 16-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) жалпы орта білімі бар оралмандардың саны көрсетіледі; Нысанның 17-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) бастауыш білімі жоқ оралмандардың саны көрсетіледі; Нысанның 18-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) ғылым докторы біліктілігі бар оралмандардың саны көрсетіледі; Нысанның 19-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) ғылым кандидаты біліктілігі бар оралмандардың саны көрсетіледі; 10. Нысанның 20-26-бағандарында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандардың еңбек кітапшасындағы жазбасына сәйкес кәсібі (біліктілігі) көрсетіледі, бұл ретте; Нысанның 20-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) шығармашылықпен айналысатын қызметкерлердің саны көрсетіледі. Олардың құрамына: жазушылар, музыканттар, әртістер, бишілер және шығармашылық саласындағы өзге де мамандар кіреді; Нысанның 21-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) білім беру саласындағы қызметкерлердің саны көрсетіледі. Олардың құрамына: колледждердің, университеттердің және басқа да жоғары оқу орындарының оқытушылары, орта, бастауыш мектептегі және мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мұғалімдер, білім беру саласындағы өзге де мамандықтар кіреді; Нысанның 22-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) медицина қызметкерлерінің саны көрсетіледі. Олардың құрамына: дәрігерлер, стоматологтар, фармацевтер, орта медициналық персонал және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мамандықтар кіреді; Нысанның 23-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; Нысанның 24-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) кәсіпкерлердің саны көрсетіледі. Кәсіпкерлер – өзінің жеке кәсібін басқаратын немесе экономикалық қызметтің қандай да бір түріндегі тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, тұрақты негізде бір немесе бірнеше қызметкерді жалдайтын немесе жалдамайтын адамдар. Нысанның 26-бағанында еңбек етуге қабілетті жастағы оралмандар қатарынан (Нысанның 10-бағанынан) басқа да кәсіптермен айналысатындардың саны көрсетіледі. Барлығы оның ішінде адамдардың жалпы саны оның ішінде отбасы ерлер әйелдер 18 толмаған адамдар бар- лығы еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар барлығы зейнеткерлік жастағы адамдар ерлер әйелдер ерлер әйелдер ерлер әйелдер 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 кестенің жалғасы дипломына сәйкес білім деңгейі барлығы жоғары арнайы орта жалпы орта бастауыш білімі жоқ (оның ішінде білімі жоқ) ғылым докторы ғылым кандидаты 13 14 15 16 17 18 19 кестенің жалғасы еңбек кітапшасындағы жазбасына сәйкес кәсібі (біліктілігі) шығармашылық саласындағы қызметкерлер білім беру саласындағы қызметкерлер медицина қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер ауылша-руашылық саласындағы қызметкерлер кәсіп-керлер басқа да маман-дықтар 20 21 22 23 24 25 26 Басшы _____________________ ____________________________ (Ә.А.Т) (қолы) Орындаушы _____________________ ____________________________ (Ә.А.Т.) (қолы) Орындаушының телефоны ______________________ Ұйымның мекенжайы ______________________________ Ұйымның телефоны ______________________________ Ескертпе: «Оралмандар туралы мәліметтер» нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық қосымшада берілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №312 бұйрықтың 3-қосымшасы Нысан «Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер» Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан Индексі: О-2 Кезеңділігі: тоқсандық Ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Тапсыру мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №312 бұйрықтың 4-қосымшасы «Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды. 2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті көші-қон процестеріне мониторингті жүзеге асыру болып табылады. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырылған Нысанды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне ұсынады. 4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады. 5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды. 2. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме 6. Нысанның 1-бағанында оралмандар отбасының жалпы саны көрсетіледі; Нысанның 2-бағанында ер оралмандардың жалпы саны көрсетіледі; Нысанның 3-бағанында әйел оралмандардың жалпы саны көрсетіледі. 7. Нысанның 4-17-бағандарында оралмандардың жалпы саны көрсетіледі, бұл ретте: Нысанның 4-бағанында жалданып жұмыс істейтін ерлердің саны көрсетіледі. Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер – еңбек ақы, сыйлық ақы, үстеме ақы және тағы сол сияқты түрде немесе заттай нысанда ақы (сыйақы) төлеу қарастырылған жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар; Нысанның 5-бағанында жалданып жұмыс істейтін әйелдердің саны көрсетіледі; Нысанның 6-бағанында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны көрсетіледі. Өз бетінше жұмыспен қамтылу – сыйақы мөлшері тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) алынатын кіріске тікелей байланысты жұмыспен қамтылу; Нысанның 7-бағанында өз бетінше жұмыспен қамтылған әйелдердің саны көрсетіледі; Нысанның 8-бағанында жұмысы жоқ бірақ жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз ерлердің саны көрсетіледі; Нысанның 9-бағанында жұмысы жоқ бірақ жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз әйелдердің саны көрсетіледі; Нысанның 10-бағанында зейнеткерлік жастағы оралмандардың саны көрсетіледі; Нысанның 11-бағанында зейнетақы алмайтын зейнеткер жасындағы оралмандардың саны көрсетіледі; Нысанның 12-бағанында күндізгі оқу нысанында оқитын студенттердің саны көрсетіледі; Нысанның 13-бағанында оралмандардың мектепке дейінгі жастағы балаларының саны көрсетіледі; Нысанның 14-бағанында оралмандардың мектеп жасындағы балаларының саны көрсетіледі; Нысанның 15-бағанында оралмандардың мектепте оқитын балаларының саны көрсетіледі; Нысанның 16-бағанында үй-шаруашылығын жүргізумен айналысатын оралмандардың саны көрсетіледі; Нысанның 17-бағанында өзге де оралмандардың саны көрсетіледі; 8. Нысанның 18-бағанында оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 1-бағанынан) тұрғын үйі бар оралман отбасыларының саны көрсетіледі; 9. Нысанның 19-20-бағандарында жер учаскесі бар оралман отбасыларының саны көрсетіледі, бұл ретте: Нысанның 19-бағанында оралман отбасылардың жалпы санынан (Нысанның 1-бағанынан) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі бар отбасылардың саны көрсетіледі; Нысанның 20-бағанында оралман отбасылардың жалпы санынан (Нысанның 1-бағанынан) шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесі бар отбасылардың саны көрсетіледі; 10. Нысанның 21-22-бағандарында еңбек етуге қабілетті жастағы жалпы оралмандар санының ішіндегі, бұл ретте: Нысанның 21-бағанында оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 2-бағанынан) еңбек етуге қабілетті жастағы ерлердің саны көрсетіледі; Нысанның 22-бағанында оралмандардың жалпы санынан (Нысанның 2-бағанынан) еңбек етуге қабілетті жастағы әйелдердің саны көрсетіледі. Оралмандардың саны барлық оралмандар саны, адам отба-сылар адамдар жалдамалы қызметкерлер өз бетінше жұмыс-пен қамтыл-ғандар жұмыссыздар (жұмысы жоқ, бірақ жұмыс іздеумен айналысып жүргендер) зейнет- керлер оның ішінде студенттер зейнетақы алмайтындар әйелдер ерлер әйелдер ерлер әйелдер ерлер ерлер әйелдер 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 кестенің жалғасы жеке меншігінде тұрғын үйі бар (отба-сылар) жер учаскесі бар (отбасылар) оралмандардың жалпы санынан еңбек етуге қабілетті жастағылар 18 жасқа дейінгі балалардың саны (адам) үй-шаруа-шылығын жүргізумен айналы-сатындар өзгелер мектепке дейінгі жаста-ғылар барлығы, мектеп жасын-дағылар оның ішінде ерлер шаруашы-лық жүргізу үшін әйелдер мектеппен қам-тылғандар жеке тұрғын үй құрылысы үшін 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 Басшы _______________________ ________________________ (Ә.А.Т.) (қолы) Орындаушы ______________________ ________________________ (Ә.А.Т.) (қолы) Орындаушының телефоны __________ Ұйымның мекенжайы ________________________ Ұйымның телефоны ________________________ М.О. Ескертпе: «Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі мәліметтер» нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық қосымшада келтірілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы «__» ________ №______ бұйрықтың 5-қосымшасы Нысан «Мемлекеттер бөлінісіндегі келген оралмандардың саны туралы мәліметтер» Есепті кезең 20___ж. ______ тоқсан Индексі: О-3 Кезеңділігі: тоқсандық Ұсынатын адамдар тобы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Тапсыру мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №312 бұйрықтың 6-қосымшасы «Мемлекеттер бөлінісіндегі келген оралмандардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Мемлекеттер бөлінісіндегі келген оралмандардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды. 2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті көші-қон процестеріне мониторингті жүзеге асыру болып табылады. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырылған Нысанды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне ұсынады. 4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады. 5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды 2. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме 6. Нысанның 1-бағанында оралман келген елдің реттік нөмірі көрсетіледі; 7. Нысанның 2-бағанында оралман келген елдің атауы көрсетіледі; 8. Нысанның 3-4-бағандарында оралмандардың жалпы саны көрсетіледі, бұл ретте: Нысанның 3-бағанында оралман отбасыларының жалпы саны көрсетіледі; Нысанның 4-бағанында оралмандардың жалпы саны көрсетіледі. № Шығу елі барлығы отбасы адам 1 2 3 4 1 Өзбекстан 2 Моңғолия 3 Қытай 4 Түркменстан 5 Ресей 6 Тәжікстан 7 Қырғызстан 8 Иран 9 Түркия 10 ТМД басқа да елдері 11 Басқа да алыс шетелдер Барлығы Басшы _______________________ ________________________ (Т.А.Ә.) (қолы) Орындаушы ______________________ ________________________ (Т.А.Ә.) (қолы) Орындаушының телефоны __________ Ұйымның мекенжайы ________________________ Ұйымның телефоны ________________________ М.О. Ескертпе: «Мемлекеттер бөлінісіндегі келген оралмандардың саны туралы мәліметтер» нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық қосымшада келтірілген Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10090 болып енгізілді.