• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Маусым, 2024

Атырау облысында шетелдік азаматтың үстіне найзағай түсті

137 рет
көрсетілді

Миялыда найзағай соққан шетелдік азамат қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

16 маусымда Миялы ауылында орналасқан жеке тұрғын үйге найзағай түскен. Үй өртеніп, сөндірілді. Бұған дейін билік өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеген еді. Алайда кейін бұл үйде адам бар екені белгілі болды.

Ол 1989 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты. Найзағай түскен кезде ол салынып жатқан үйдің асханасында болған.

Тергеу барысында 2024 жылдың 28 мамырында «Бейнеу» шекара заставасы арқылы Қазақстанға шетел азаматы кіріп, Миялы ауылы тұрғынының үйінде уақытша тіркелгені анықталды.

Мәйітті тексеру кезінде дене жарақаттары табылмады. Мәйіт сот-медициналық сараптама жүргізу үшін аудандық аурухананың мәйітханасына жіберілді.