• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 27 Маусым, 2024

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеуде үлкен алшақтық байқалады - сенатор

158 рет
көрсетілді

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Әдеп жөніндегі комиссияның отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға қатысушылар HR-менеджерлерді даярлау және мемлекеттік қызмет саласының тартымдылығын арттыру мәселелерін талқылады.

«Әртүрлі мекемелерде бірдей лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеуде үлкен алшақтық, сондай-ақ еңбекақы төлеуде бәсекелестік емес ахуал байқалады. Басшы лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер коммерциялық ұйымдар басшыларының жалақысынан төмен ақша алуы мүмкін, кейіннен ол белгілі бір зиянды салдарға әкелуі ықтимал. Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруды тиімді жетілдіру мәселесі де маңызды болып табылады. Бұл мәселеге халықаралық тәжірибені, атап айтқанда, Батыс елдерін, сондай-ақ Жапония мен Малайзияны зерделеу арқылы жан-жақты қарау керек», деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор сонымен қатар мемлекеттік қызметке кандидаттарды іріктеуді жетілдіруде жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Депутаттың пікірінше, мұндай өзгерістер кадрларды қалыптастыру проблемасын шешуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасын іске асырудың бастапқы нүктесінің біріне айналады.