АҚТӨБЕ. 11 маусым. Ақтөбеде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен семинар өз жұмысын бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқыту семинарының мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтардың жұмысын жүйелеу, бір-бірімен тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету және Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамын жастар арасында насихаттау болып табылады.
Аталған шара «Президенттік реформаның 5 түйінді бағыты, 100 нақты қадам» тақырыбындағы пленарлық отырыспен басталды. Семинар жұмысы 3 секцияға бөлініп ақпараттық-кеңістік және оқыту бағдарламасымен жалғасады. Одан кейін жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтар арасында жұмыс тиімділігін арттыру және жастардың өзін-өзі дамытуына бағытталған «Аудан жастары» атты байқау ұйымдастырылады. Ертең «Жастар арасындағы құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру» және «Жастар ұйымдарының қызметін консалтингтік қолдау» тақырыптарында тренинг өткізілетін болады.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: elarna.kz.