Венада өткен форум аясында еліміздің Ұлттық экономика министрлігі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасында Серіктестік туралы негіздемелік меморандумға қол қойылды.
Қор әртүрлі экономикалық салаларда тұрақты дамуға және жеке сектор жобаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр. Жалпы, Араб үйлестіру тобының қоры ірі инфрақұрылым және өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыруға инвестициялар тартады.
«Ислам даму институттарының қаржыландыру – халықаралық капитал нарығындағы бәсекеге қабілетті шарттар. Сондықтан Араб үйлестіру тобымен ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастық – инвестициялық саясатымыздың басым бағыты», деді Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.