2 шілде түнгі сағат 1:00 шамасында Атырауда ер адам 6 қабаттан секіріп кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай «Нұрсая» шағын ауданында болған.
29 жастағы ер адам ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Тергеу шаралары басталды.