• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Шілде, 2024

ШЫҰ саммиті: Астанада медицина ұйымдары қалай жұмыс істейді?

94 рет
көрсетілді

Астана әкімдігі Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті кезінде қаладағы емханалар мен ауруханалар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске салайық, ШЫҰ саммиті 3-4 шілде күндері өтеді.

«Осы күндері қаладағы жедел жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар қалыпты режимде жұмыс істейді», деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық ауруханалар азаматтарды әдеттегідей тәулік бойы қабылдайды. Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық әзірлік қамтамасыз етілді, резервтік мамандандырылған палаталар бөлінді.

Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, активтер мен қоңырауларды қабылдау 08:00-ден 16:00-ге дейін іске асырылады. Жедел медициналық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді, бұл науқастарға көмек көрсетуде қолжетімділік пен жеделдікті қамтамасыз етеді.