Ресейде өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында отандасымыз Мирас Мұратбеков мас-рестлингтен қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз 70 кг салмақ бойынша жүлде үшін кездесуде ресейлік Ренат Николаевтан (Қиыр шығыс федералды округы) ағашты тартып алды. Аталған жарыста ел намысын 4 мас-рестлинг шебері қорғады, жалпы 12 елден 44 спортшы жиналған екен. Айта кетсек, мас-рестлинг – якут халқының ұлттық спорты. Қазақтың «арқан тартыс» ойынына өте ұқсайды, айырмашылығы - спортшылар арқанның орнына ағаштан ұстап отырып, тартысады.