• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Шілде, 2024

Астанада 100 жастан асқан 21 адам тұрады

233 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы Астана күні қарсаңында елордадағы халық санына қатысты қызықты сандық деректер ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Осы жылдың 1 маусымындағы статистикаға сай, бас қаладағы халық саны 1 464 415-ке жетті, оның 696 234-і ер, 768 181-і әйел.

Астанада 2023 жылы өмір сүру ұзақтығы 78,09 жас болды. Ерлердің өмір сүру ұзақтығы 74,23 жасты, ал әйелдердікі 81,28 жасты құрады.

2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін 28,2 жас, әйелдер үшін 26,4 жас болған.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,50 болды. Сонымен қатар елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады. Оның 15-і әйел, алтауы ер адам.