• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 20 Қаңтар, 2017

Универсиадаға дайындықтың қорытындысы шығарылды

6510 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Уни­версиадаға дайындық барысы жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Қазақстан Респуб­ли­ка­сының спортшылары алғаш рет Универсиада бағдар­ламасына енген спорттың барлық түрі бойынша сайыс­қа түседі. Қа­зақстан тарапынан қаты­сатын 250 спортшы жарысқа әзір тұр.

Отырыс барысында XXVIII Дүниежүзілік қысқы Уни­версиадаға дай­ындық барысы оның ішінде сту­денттік командалардың оқу-жаттығу жиынын өткі­зу қорытындысы, FISU кон­ференциясын ұйым­дастыру және ұлттық құра­ма команданы парадтық спорт киімдерімен қамта­ма­сыз ету мәселелері қарастырылды.

Универсиадаға даярлық аясында 12 қысқы спорт түрінен 26 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды және өткізілді. Оның ішінде керлинг, шайбалы хоккей, коньки тебу спорты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл (акробатика), сноуборд және шаңғы қоссайысы бар. Оған 32 жоғары оқу орны мен 5 колледжден 137 спортшы қатысты.

Сондай-ақ, 2-5 ақпан күндері «Университеттік спорт: қоғамның денсау­лығы мен болашағы» тақы­ры­бында Универсиада бағ­дарламасының ресми бөлігі саналатын FISU қыс­қы конференциясы өтеді. Шараға әлемнің 30 елі­нен ұлттық студенттік феде­ра­циялардың президенттері, ЖОО-лардың ректорлары, әлемдік қоғамдастықтағы жетекші ғалымдар мен ма­мандар қатысады деп күті­луде.