• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Шілде, 2024

Ақтауда белгісіз біреу жедел жәрдем қызметкерін ұрып кеткен

66 рет
көрсетілді

Оқиға 2024 жылдың 30 маусымында болған. Ақтау тұрғыны түнгі сағат 00:00 шамасында жедел жәрдем бригадасының фельдшеріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық көпсалалы аурухана дәрігерлерінің айтуынша, шабуыл салдарынан жәбірленушінің миы шайқалып, параорбитальды гематома мен бетінде көгерулер пайда болған. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеуге жіберілген.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Фельдшерге шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялануға жатпайды», делінген ведомство хабарламасында.