• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Денсаулық 05 Шілде, 2024

Жаз айында жұқпалы тері ауруларынан қалай сақтану керек

90 рет
көрсетілді

Шетелдік дерматолог маман жаз айында адам терісін қалай жұқпалы аурулардан сақтау керек екенін айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Дәрігердің айтуынша, біріншіден, бассейндердің жағасында жалаң аяқ жүру, қоғамдық душқа түсу, сауна сияқты ылғалды жерлерде саңырауқұлақ инфекциясын жұқтырып алу өте оңай. Сондықтан мұндай қоғамдық орындарда міндетті түрде арнайы аяқ киім киіп жүру қажет. 

Екіншіден, жаз айында цитрус компоненттері бар кремдерді қолдану терінің бұзылуына алып келеді. Дерматолог жаз мезгілінде мұндай кремдерден аулақ болуды ұсынды. 

«Цитрустың күнмен әрекеттесуі терінің күйіп қалуына және гиперпигментацияға әкеледі. Ол бірнеше айға теріңізде қалып қоюы мүмкін», деді ол.

Үшіншіден, денесінде сүйел немесе папилломасы бар адамдарға қырыну өте қауіпті. 

«Сүйелдер мен папилломалар - жұқпалы. Егер сіз олардың біреуін қырыну кезінде зақымдасаңыз, вирус бүкіл аяқ-қолға таралуы мүмкін. Әсіресе сүйелдер өте майда және көп болса, олардан құтылу соғұрлым қиын болады», дейді дерматолог.

Маман көпшіліктің жазда жіберетін тағы бір қателігін атады. Ол − шашты жуғаннан кейін дымқыл баспен ұйықтау. 

«Ылғал шаш − бактериялар мен саңырауқұлақтардың көбеюіне өте қолайлы ылғалды орта, бұл сақина немесе себореялық дерматит сияқты ауруларға әкеледі», деп қорытындылады дәрігер.