• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Шілде, 2024

БҚО-да 16 жастағы жігіт өз анасын өлтірді

182 рет
көрсетілді

БҚО-да өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген 16 жастағы азаматтың ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жантүршігерлік қылмыс 2023 жылдың 18 қазанында болған. Шыңғырлау өңіріндегі әйел өліміне күдікті ретінде марқұмның 16 жастағы ұлы қолға түсті.

- Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова қарайды. Сотталушы кәмелет жасқа толмағандықтан сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді. Жасөспірімге “кісі өлтіру” бабы бойынша айып тағылған, – делінген сот хабарламасында.