Атырау-Орал тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Жантүршігерлік жол апаты 7 шілде күні болған.
«Сағат 22:00-де Атырау-Орал тас жолы бойындағы Тайпақ ауылы маңынан шақыру келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін төрт өлім фактісі тіркелді. Бұдан басқа, екі адам зардап шекті. Олардың бірі – шамамен 50 жастағы ер адам медициналық тексеруден бас тартты. 1966 жылы туған екінші ер адам Тайпақ ауылы ауруханасына жеткізілді, оған қажетті көмек көрсетілді», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.