Нұра аудандық прокуратурасы аудандағы білім беру мекемелерінде тексеру жұмыстарын аяқтап, көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі және денсаулық сақтау салаларында заң бұзушылықтар анықталды», деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Мәселен, аудандағы кейбір мектептерде мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек табылды, белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін дезинфекциялық ерітінділер мен мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды.
Аудан прокуратурасының тексеру актісі негізінде барлық анықталған заң бұзушылықтар жойылды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.
«Тексеру қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады прокуратура.