• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Шілде, 2024

Париж-2024: Өзбекстан жолдама саны бойынша Қазақстанды басып озды

150 рет
көрсетілді

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы Парижде жалауын желбіретеді. 26 шілде - 11 тамыз аралығында өтетін дүбірлі додаға әзірге әлемнің 197 мемлекеті мен босқындар құрамасы, бейтарап спортшылар қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңі аяқталды.

Әлем елдерінен төрт жылдықтың басты бәсекесіне ең көп АҚШ-тан - 592 спортшы бақ сынайды. 

Одан кейінгі орында Франция тұр. Бұл елден 587 атлет Олимпиада жүлдесіне үміткер. Ал үздіктердің үштігін 468 олимпиада жолдамасының иегері бар Аустралия түйіндейді. 

Топ - ондық құрамында:

Германия - 425;

Жапония - 411;

Қытай - 398;

Испания - 382;

Италия - 366;

Ұлыбритания - 327;

Канада - 318 сынды елдердің спортшылары бар.

Ал Қазақстан 80 спортшымен 38-орынға жайғасқан. Өзбекстан құрамасы бізден бір саты жоғарыда. Париж Олимпиадасында көрші ел намысын 86 атлет қорғайды. 

Бүгінге дейін 65 елге Париж жолдамасы бұйырмай тұр.