Испанияның бас шаһары Мадридте күрес түрлерінен Гран-при турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіп алған 4 медальдің үшеуі - күміс, біреуі - қола.
Финалға шығып, күмісті қанағат тұтқан балуандар: Ирина Казюлина (65 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі), Эльмира Сыздықова (76 келі).
Ал қола жүлдегер атанған балуан Лаура Алмағанбетова (57 келі).