Рингте жеңіліп көрмеген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 14 шілде Лас-Вегаста кезекті жекпе-жегін өткізеді. Боксшының бұл жолғы қарсыласы жаңазеландиялық - Андрей Михайлович, деп жазады Egemen.kz.
Жекпе-жекте қазір Жәнібек Әлімханұлының қанжығасындағы қос белбеу (WBO және IBF нұсқасы бойынша) сарапқа салынады.
Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» ұлттық арнасы көрерменге тікелей эфирде, таңғы сағат 7:00-де ұсынады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға 15 рет шығып, оның 10-ын нокаутпен жеңген. Ал оның қарсыласы Андрей Михайлович 21 жекпе-жегінің 13-ін нокаутпен аяқтаған.