Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше өңірде арнайы операция жүргізіп, діни радикалдарды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҰҚК мәліметінше арнайы операция шілде айында Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында жүргізілген. Қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысы бар Қазақстанның 4 азаматы мен 1 шетелдікті ұстады. Олардың тұрғылықты жерінен көптеген діни-экстремистік әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынған.
Айта кету керек, күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын. Тағы екеуіне қатысты «ауыр» есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.