• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Банк 12 Шілде, 2024

Қазақстанда тағы қандай банкноттар ауысады?

223 рет
көрсетілді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда тағы қандай номиналдағы банкноттар жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақында «Saki Style» сериясынан 10 000 теңгелік банкнот айналымға шықты, оның алдында 5 000 теңгелік банкнот қолданысқа енгізілген еді.

Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифинг барысында келесі кезекте қандай банкноттар өзгеретінін айтты. 

«Қалған ақшаның барлығы ауысады, яғни 10 000 теңге мен 5 000 теңгенің артынан 2000 және 1000 теңгелік банкноттар да ауысады», деп жауап берді Сүлейменов.