Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдау комиссияларының бүгін де жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды.
Тағы да естеріңізге сала кетеміз, құжаттарды қабылдау:
еGov арқылы онлайн форматта; ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады; Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
Атап өтсек, отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.